ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ » КГУ « Средняя общеобразовательная школа № 4»
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №4
ГУ "Отдел образования города Семей
Абайская область"
Приемная :
+7(7222) 52-03-81
Бухгалтерия:
+7(7222) 52-03-81
Версия для
слабовидящих
Абай облысы Семей қаласының "№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа № 4" города Семей Абайской области!
28
April
2025

ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ

“Толық адам” ілімі негізінде ата-аналар институтын қалыптастыру” және “Біртұтас тәрбие” жобалары аясында мектебімізде әкелер форумы өткізілді. Форумның мақсаты:әкелер мектебі жұмысын жүргізудегі отбасы құндылығын сақтау,әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және әкенің отбасындағы рөлін айшықтау. Форумға 100-ден аса әке қамтылды.

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың басшысы Исабаева А.С., “№4 ЖОББМ” КММ директоры Кузенбаева А.К.,Абай облысы білім саласының қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Ахметова М.М.,Абай облысының қалалық әкімдігі аппаратының бас инспекторы Оспанов Е.С.,облыстық әкелер қауымдастығының төрағасы Лауенов Е.Е., тарихшы-ғалым,зерттеуші, ТЖ және ӘМ жөніндегі проректоры Базенов А.Б.,” тарихшы-жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Мұхамеджан М. әкелер қауымына өз баяндамаларын ұсынды.

Форумның екінші бөлімінде әкелер “Ержігітке жарасар, салауаттылық бейнесі”атты спорттық сайыс,”Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінін қайғы мұң” шеберлік сабағы,”Әке-Time”,”Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан және Семей өңірінің жауынгер суретшілері” TET-TALK және рефлексия іс-шараларына қатысты.
https://www.instagram.com/p/DJCK0CSM2gF/