08
April
2024
“Инклюзивті білім беру, инклюзивті процесте психологиялық-педагогикалық қолдау”
“ Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық” КММ инклюзивті білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 08 сәуір күні Семей қаласының “№ 4 ЖОББМ” КММ педагог-психологі Жакатаева Макпал Чайсунуровна облыстық “Семей” телеарнасында “Елге сәлем” бағдарламасына “Инклюзивті білім беру, инклюзивті процесте психологиялық-педагогикалық қолдау” жайында сұхбат берді. Эфир аясында ерекше білім берудегі балалармен қандай әдіс-тәсілдер бары жайында атап өтті. Педагог-психологтың негізгі қызметі туралы, инклюзивті процестің көмегімен қалыпты ортаға бейімделген оқушылар туралы айтылды. Біліктілікті арттырудың қаншалықты маңызды екенін атап, педагогтар жұмысын атап берді. Ерекше білімді қажет ететін балалардың, жалпы ата-аналарға психолог тарапынан кеңестер мен ұсыныстар берілді.


