Оқу-ағарту министрлігі: қазақстандық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді » КГУ « Средняя общеобразовательная школа № 4»
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №4
ГУ "Отдел образования города Семей
Абайская область"
Приемная :
+7(7222) 52-03-81
Бухгалтерия:
+7(7222) 52-03-81
Версия для
слабовидящих
Абай облысы Семей қаласының "№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа № 4" города Семей Абайской области!
» » » Оқу-ағарту министрлігі: қазақстандық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді
19
July
2024

Оқу-ағарту министрлігі: қазақстандық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді

🗓Оқу-ағарту министрлігі: қазақстандық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді 

🖌ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.

🔔Орта білім беру ұйымдарында 2024 – 2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады. 

Бірінші тоқсанда оқу уақыты - 8 апта. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. 

Екінші тоқсанда оқу уақытын 8 апта құрайды. Қысқы каникул 2024 жылғв 30 желтоқсанда басталады және 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады. 

Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал, 11 күндік көктемгі каникул 2025 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады. 

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.

#Абайоблысыбілімбасқармасы
@oqu_agartu_ministrligi