"Атамның өсиетімен- әкемнің қасиетімен..." атты кездесу » КГУ « Средняя общеобразовательная школа № 4»
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
ГУ "Отдел образования города Семей
Абайская область"
Приемная :
+7(7222) 52-03-81
Бухгалтерия:
+7(7222) 52-03-81
Нашар для
слабовидящих
Абай облысы Семей қаласының "№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа № 4" города Семей Абайской области!
» » » "Атамның өсиетімен- әкемнің қасиетімен..." атты кездесу
09
Қазан
2024

"Атамның өсиетімен- әкемнің қасиетімен..." атты кездесу

Қазанның 7 күні мектебімізде Ата – аналарды педагогикалық – психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Атамның өсиетімен, әкемнің қасиетімен...» атты кездесу өтті. Мақсаты: «Даналық мектебі» әкелер кеңесінің жұмысы барысында асқар таудай ата,айбынды әке мен қамқор ағалармен біріге өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу арқылы мектептің ата – аналарымен қарым-қатынасты күшейту,позитивті ата-ана, берекелі отбасы мәдениетін дамыту, Отаншыл,рухты,елдің ертеңі болатын білімді, саналы, тәлім мен тәрбиесі үйлескен, адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеу. 
Кездесудің ашылу барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Анара Маратовна Кожекенова Асель Болатбековна сөз алып, мектептегі Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы қарқынды жұмыс атқарылып жатқаны жайлы баяндады. Кездесу барысында Қалалық ата-аналар қоғамдастығының әкелер кенесінің төрағасы Манасов Айдар Тортаевич қалалық әкелер кеңесінің жұмысымен таныстырды, Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта мектебінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, әкелер кеңесінің төреғасы, подполковник Чурчитбаев Екпін Мұратұлы «Әкенің мысы, әкенің күші, әкенің аманаты» тақырыбында баяндамасын оқыды, Абай облысының ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыстарын үйлестірушісі Отеуова Лунара Бекболатовна ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмысы аясында әкелермен жұмыстың өзектілігі,атаның өсиетімен,әкенің қасиетімен,ағаның ізімен жүріп өсер жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарға сай, ата-дәстүр мен әке жолы,күші,аманаты жайлы,алдыңғы толқын ағаллардан үлгі алуды насихаттап өтті. Қатысқан аталармен әкелер белсенділік танытып сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісіп ұсыныс, тілектерін айтты.
Мектептің ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 
“ Атамның өсиетімен- әкемнің қасиетімен... ” атты кездесу іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқан мұғалімдер:
Бердікенов У.М.
Өтеуова Л.Б.
Муратова М.С 
Мамбетова М.С
Абижанова К.С
Увалиева А.С
Коксегенова Э.М
Нурмухамбетова А.С
Мустафина Г.У.
Оспанова Қ.Ш.
Молдиярова С.А.
Нұрмұханбетова Б.Қ.
Жазира Қалкенқызы
Рахимгалиева М. Т.
Кыдырбаев Е. М.Нурбеков Б.М #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей

[media=https://www.youtube.com/shorts/qMfj4UESLgQ]
[media=https://www.instagram.com/reel/DA5XXYOOLWc/?igsh=YmcwMHZteDUxdGdw]