14
Қазан
2022
Мектебімізде облыстық «Балалар оқулары» байқауы өтті.
Ағымдағы жылдың 14 қазанында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында облыстық «Балалар оқулары» байқауы өткізілді. Байқауға аймақтық кезеңдерден сүрінбей өткен 25 оқушы қатысты. Білім алушылар тест және эссе жазу сынды екі кезеңнен бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша «Ертегілер әлемінде» бағытында Жұмаханова Шұғыла (Абай ауданы), 5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» бағытында Сайлаубек Айзере (Ақсуат ауданы), 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» бағытында Айдынқызы Ұлпан (Ақсуат ауданы), 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» бағытында Қайролла Әмина (Аягөз ауданы) 1 орындарды жеңіп, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ балдық жүйе бойынша басқа да шәкірттеріміздің озық жұмыстары бағаланып 2, 3 орындар берілді және де барлық қатысушыларға әдеби кітаптар сыйлыққа берілді.
