"№4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ » КГУ « Средняя общеобразовательная школа № 4»
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №4
ГУ "Отдел образования города Семей
Абайская область"
Приемная :
+7(7222) 52-03-81
Бухгалтерия:
+7(7222) 52-03-81
Версия для
слабовидящих
Абай облысы Семей қаласының "№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа № 4" города Семей Абайской области!
» » "№4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
02
сентябрь
2024

"№4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

-1-9 сыныптарда желдің жылдамдығы 2м/с және одан да жоғары болғанда, минус 27 градус Цельсиядан төмен;
-1-11 сыныптарда желдің жылдамдығы 2м/с және одан да жоғары болғанда, минус 30 градус Цельсиядан төмен;
Желдің жылдамдығы 2 м/с жоғарылаған жағдайда, температура минус 5 Цельсияға көтеріледі.
3. Оқушылардың мектеп формасы мен сырт келбетіне қойылған талаптар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі–Департамент)  назарларыңызға, жалпы білім беретін мектеп зайырлы мекемеге жататынын жеткізеді, онда зайырлы ережелер мен жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелері, соның ішінде оқу орнының қабырғаларында киім кию және бас киім кию ережелерінің сақталуы керектігін хабарлайды.
Заңның 47-бабының 14-тармағына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, оның ішінде білім беру ұйымының Жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті. Заңның 26-бабына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде оқыту үлгі нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шарт негізінде жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептер үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері жарғыны, осы Шарттың ережелерін сақтау, оның ішінде міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес, мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Жалпы білім беретін мектептің білім алушыдан, ата-аналардан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларын және оның қызметін регламенттейтін білім беру ұйымының актілерін сақтауды талап етуге құқығы бар (ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына 2-тармақ 2-қосымша). Осыған байланысты олардың мектеп формасына қойылатын талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған бақылауы негізгі болып табылады.
8. Киімдері міндетті түрде таза, жаңа, үтіктелген, аяқ киімдері таза болуы керек; сыртқы келбеті қоғамдық стильге сай және өрескел емес, қабылданған стандартқа сәйкес келуі тиіс (шашы, беті және қолы таза және күтілген болуы қажет, жеңіл-желпі иісті әтірді қолдануға болады).
9. Бірыңғай  мектеп формасы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының 15.05.2023 жылғы хаттамасымен бекітіліп, енгізілді.
10. Мектеп формасына талап:
-Киім үлгісі – іскерлік, классикалық.
Мектеп формасы:
11. Қыздарға: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
12. Ұлдарға: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Бас киімнің кез-келген түрін (бейсболкалар, кепкілер, шляпалар, тақиялар, орамалдар, хиджаб, кимешек т.с.с) киюге тиым салынады.
13. Спорттық киім:
Спорттық киімге: футболка, спорттық костюм, кроссовка немесе кеды жатады.  Спорттық киім ауа-райына және дене шынықтыру сабағының өтілу орнына сәйкес келуі керек. Спорттық киімдер дене шынықтыру сабақтарында   және спорттық мерекелер  мен жарыстарда ғана киіледі.
14. Сабақ уақытында мына киімдер мен аяқ киімдерді киюге рұқсат  етілмейді: спорттық киімдерді (дене шынықтыру сабақтарынан басқа); демалыс орнына киетін киімдерді (шортылар, толстовкалар, майкалар мен рәміздері бар футболкалар және т.с.с.); жағажай киімдері; іш киімді стильдегі киімдерді; ашық киімдерді, оның ішінде көйлектер, юбкалар, кеудешелер;кешкі сауыққа киетін киімдерді, жеңі жоқ көйлектер, майкалар мен кеудешелерді (костюмсіз немесе желетсіз);  қысқа юбкаларды (ұзындығы тізеден 10 см жоғары ); іші мен арқасы көрінетін тым қысқа, тыртысып тұратын шалбарлар, көйлектер, юбкалар, спорттық аяқ-киімдер (оның ішінде спорттың экстремалдық және қыдыруға арналған түрлері); жағажай аяқ киімдері (сандалдар мен тәпішкелер); «кантри» (қазақтар) стильді аяқ киімді; биік өкшелі аяқ киімдерді; кешкі сауыққа киетін аяқ киімдерді (бантиктерімен, қауырсынымен, үлкен тастарымен, ала-бажақ көмкерілген, жылтыр матадан тігілген және т.с.с.); өте биік туфли.
Қыздарға (5-9 сын.) 5 см биіктіктегі аяқ киімге рұқсат етіледі, (10-11 сын) 7 см дейін.
Киімдер мен аяқ киімдер өте ашық түсті, жылтыр тіпті және көңіл аударатындай болмауы керек. 
15. Шаштары:
Қыздардың ұзын шаштары өрілген, ұзындығы орташа шаштар қыстырғышпен жиналған болуы керек;
Балалар мен ұлдардың шаштары классикалық түрде буылған болуы керек.
Экстраванттық үлгідегі шашқа, табиғи емес, ашық түске боялған шашқа рұқсат  етілмейді. 
16. Маникюр мен макияж:
Рұқсат етілмейді: декоративтік маникюр; дизайнмен анық түсті (суретімен, тастарымен) маникюр; ашық, қою түсті кешкі макияж;
Пирсинг тағуға рұқсат етілмейді. 
17. Әлеуметтік бейресми жастар бірлестігінің символикасы бар аксессуарларға, сондай-ақ, мінез-құлықтарына кері әсер ететін және психикалық белсенді заттарды насихаттауға рұқсат етілмейді. 
18.  Бас киімнің кез-келген түрін (бейсболкалар, кепкілер, шляпалар, тақиялар, орамалдар, хиджаб және т.с.с.).
19.Ата-аналар және өзгеде заңды  өкілдер, оқушылардың  «№ 4ЖОББМ КММ» мектеп талабына сай белгіленген мектеп киім үлгісімен қамтамасыз етуге міндетті 
 20.Мектеп формасына әртүрлі діни элементтері қосылған конфессиялы киім үлгісін киюге рұқсат етілмейді.
4. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері:
21. Оқушылар құқығы:
1) Мектептің білім беру бағдарламасына сай білім алу;
2) Балағаттау, қорлау, төмендету, төзімсіздік сияқты қылықтардан аулақ, қауіпсіз оқу ортасында болу;
3) Оқу үрдісі жөнінде, оның ішінде үлгерім жөніндегі хабарды алу;
4) Мектептегі өзін-өзі басқару  оқу органдарының  жұмысына қатысу;
5) Ақпараттық құралдарды, спорттық, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптар мен кітапхананы, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерін және оқу-әдістемелік құралдарын тегін пайдалану;
6) Оқу-шығармашылық жұмыстары үшін мадақтау;
7) Демалыс, оқу арасындағы үзіліс;
8) Мектепте өткізілетін курстар жөнінде ақпарат алуға, мектеп мамандарына психологиялық және медициналық көмек;
9) Қойылған тәртіп бойынша бір мектептен екінші мектепке ауысу;
10) Осы ереженің мазмұнын алуға;
11) Қандай мінез-құлық болу керек және қандай мінез-құлық үшін тәртіпке тартылады.
22. Оқушылар міндеті:
1) Типтік ережені, мектеп Жарғысын, мектеп Ережесін, Пед.кеңестің шешімін және оқушылардың өзін-өзі басқару органының, техника қауіпсіздік ережесін, өрт қауіпсіздігінің ережесін, оқу үдерісінің қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұстаздардың және мектеп әкімшілігінің талабын орындау;
2) мектепке оқу кестесіне сәйкес келу және сабақты себепсіз босатпау;
3) мектеп бағдарламасының білім алу талаптарына сай практикалық және сөйлеу дағдығын, шеберлігін, білімін меңгерту;
4) мектеп ұстаздарымен және мектептің басқа да қызметкерлерімен әдепті болу, оқушылармен адал болу;
5) ата-аналарына міндетті түрде оқу үлгерімі, тәрбиесі жөнінде, сабақтан тыс өткізілетін шара жөнінде ақпарат беру;
6) басқа оқушылардың құқығын бұзу немесе құқығына  нұқсан келтіруден аулақ болу, басқа оқушылардың құқығын және белсенділігін құрметтеу;
7) Мектеп ережесіне сай киім үлгісін кию, сыртқы келбетін сақтау;
8) өзінің денсаулығын күту, дене шынықтыру және рухани байлығын дамыту;
9) оқу орнында тазалықты сақтау (музыкалық құралдарды, техникалық құрал-жабдықтарды), оқу құралдары мен оқулықтарды ұқыпты ұстау; мектеп мүлкін сақтау, дұрыс ұстау;
10) мектеп қызметкерлері мен оқушылардың қауіпсіздігін және денсаулығына нұқсан келетін жағдайларды ұстаздарға, мектеп әкімшілігіне жеткізу.
23. Оқу үдерісіне жақсы жағдай жасау үшін мектепте оқушыларға тыйым салынады:
1) мұғалімнің рұқсатынсыз мектепке бөтен адамды әкелуге немесе шақыруға;
2) мектепке кір, үтіктелмеген киіммен келуге, Ережеге сай емес киім киюге, фан-қозғалыстарына, қандай да бір партияға немесе діни ағымға қатысуға;
3) мектепте және мектептен тыс жерде темекі шегуге, алкогольді (оның ішінде сыра, джин-тогик және т.б.), есірткі, психотроптық және токсикалық заттарды қолдануға, жаман сөз айтуға;
4) азарт ойын ойнауға, сауда жасауға. Егер ондай жағдай болса, мектеп әкімшілігі заңды өкіл келгенше затты алып алуға міндетті.
5. Оқушылардың жүріс-тұрыс ережесі
24. Оқушылар   мектепке сабаққа 10-15 минут бұрын келіп, сыртқы киімдерін, аяқ киімдерін ауыстырады.
25. Оқушылар сабақта шашы таралып, таза киініп отырады. 1-11 сынып оқушыларының сыртқы келбеті мектеп формасы жөніндегі актіге сай болуы керек.
26. Оқушының өзімен бірге оқу сөмкесі болуы керек, оның ішінде оқулықтары, дәптерлері, күнделігі, қажетті құралдарымен пеналы және басқа да оқу құралдары болу керек.
27. Жалпы жүріс-тұрыс ережесі:
1) Сабаққа дейін оқушы кіріп, өз орнына отырып, сабаққа қажетті құралдарын дайындайды. Сабақ қоңырау соғылғаннан кейін және себепсіз сабақты босатуға болмайды. Сабақ қоңырау соғылғаннан кейін басталады.
2) Сабаққа кешігуге, қоңыраудан кейін келуге және себепсіз сабақты босатуға болмайды.
3) Оқушы сабақты босатқан жағдайда, оқушы сынып жетекшінің талабы бойынша сабақты босатқан себебі туралы дәрігердің анықтамасын немесе  ата-анасының қолхатын әкелу керек. Оқушы сабақты себепті босатарда (отбасы жағдайы, байқауларға, қатысу)  ата-анасының өтінішін немесе  мекемелердің құжаттарын әкелу керек. Себепсіз сабақты босату тәртіп бұзу болып саналады.
4) Оқушының сабақты босатқан кездегі бағдарламаның өту жауапкершілігі оқушының өзі мен оның ата-анасына артылады (заңды өкілдермен).
5) Оқу-тәрбие үрдісі кезінде мектептен тек директордың орынбасарының рұқсатымен кету керек. Сынып жетекші оқушыны ата-анасымен ғана босатады(заңды өкілдермен), оқушының сабақтан босатылғаны жөнінде телефон арқылы білім бөліміне немесе ата-анасына (заңды өкілдермен) хабардар етеді. 
6) Мектеп оқушылары үлкендерді, кезекшілерді тыңдайды, кішілерге қамқор болады. Барлық үлкендерге "Сіз" деп сыйлайды. Балалар үлкендерге, жоғарғы сынып балалары кішілерге, ұлдар қыздарға жол береді.
7) Оқушылар мектеп ғимаратын, құралдары мен мүліктерін сақтауға міндетті. Оқушылар әр орындарда білім орнына және ата-анасына кір келтірмейтіндей мектептің, ата-анасының абыройы үшін өздерін дұрыс ұстайды. 
8) Мектеп оқушылары бағалы заттардың, құралдардың, ұялы телефонының сақталу жауапкершілігіне жауап береді.
9) Мектепте ұялы телефон ұстауға тиым салынады.
28. Сабақтағы мінез-құлықтары:
1) Сабақ қоңырау соғылғанда басталады.
2) Сабақтан кешігуге рұқсат етілмейді. Үнемі сабақтан қалатын оқушылардан мектеп әкімшілігі түсініктеме алады, осындай оқушылардың ата-анасына тәртіптері жайлы хабарланады.
3) Сабақ соғылғанда оқушы кабинетте өз орнына отырып, сабаққа керекті барлық заттарын дайындауы керек. 
4) Сабақта оқушылардың міндетті түрде күнделігі, пәндері бойынша жұмыс дәптері, керекті оқулықтары немесе оқу құралдары, сол сабаққа қажетті жазба және сызу құралдары. Сабаққа қандай құралдары әкелу керектігін мұғалім айтады.
5) Сабаққа қажетсіз құралдарды әкелуге болмайды.
6) Мұғалім күнделік пен дәптерді міндетті түрде әкелуге бірінші талап қояды.
7) Оқушы сабаққа үй тапсырмасын орындап келуге міндетті. Оқушы белгілі бір себептермен сабаққа дайын болмауы мүмкін, бұл туралы мұғалімге ескертуі керек. Келесі сабақта мұғалімнің алдында тапсырманы орындағаны туралы есеп беруі керек.
8) Мұғалім кабинетке кіргенде оқушы тұрып  амандасады.
9) Оқушыны сабақ айтуға тақтаға шығарғанда, ол күнделігін баға қою үшін мұғалімге беруге міндетті.
10) Орнында тұрып жауап беру тәртібін мұғалім анықтайды.
11) Сабақ үстінде айтып жіберуге және көшіріп алуға рұқсат етілмейді, өйткені сабақтың дұрыс өтілуіне және оқу материалын сапалы меңгеруге кедергі жасайды.
12) Оқушылар мұғалім сабақ түсіндіргенде және оқушы сабақ айтқанда тыныш отыру керек, шуламау, сөйлемеу, жан-жағына қарамау, басқа іспен айналыспау қажет.
13) Сабақтың дұрыс өтілуін бұзу, жіберілмейтін және өрескел тәртіп бұзушылық болып саналады. Бұған кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 
14) Өздігінен сабақтан кетуге рұқсат етілмейді. Сыныптан қажет бойынша шығуға тек мұғалім рұқсат етеді. 
15) Оқушылар сабақта оқу кабинеттеріне сай еңбек ережесін білуі және сақтауы керек.
16) Оқушылар өздерінің күнделіктеріне барлық үй тапсырмаларын толық жазып алу қажет.
17) Оқушылар   партаға отырғанда өздерінің   сымбаттылығы мен денсаулығын сақтау үшін бастарын жоғары ұстауы керек.
18) Сағыз шайнау–ерсі қылық, оған сабақта рұқсат етілмейді.
19) Сабақтың аяқталуы туралы қоңырау мұғалімге беріледі. Сабақтың аяқталғандығын тек мұғалім хабарлайды және сыныптан шығуға рұқсат береді. Оқушы сыныптан шығарда отыратын орнын ретке келтіру керек.
20) Сабақтың үстінде ұялы телефондарды, сөйлесетін құрылғыларды, жазатын аудио және бейнеаппаратураларды қолдануға рұқсат етілмейді.
29. Қоңырау кезіндегі, сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі жүріс-тұрыстары.
Қоңырау кезінде оқушылар міндетті:
  • Тәртіп сақтауға;
  • Мектеп қызметкерлері мен мұғалімдердің талабына бағынуға;
  • Мұғалімнің өтініші бойынша келесі сабаққа сыныпты дайындауға.
30. Қоңырау кезінде оқушыларға рұқсат етілмейді:
1) басқаларға кедергі жасауға, қатты сөйлеуге, шулауға, оның ішінде ұялы телефон бойынша айғайлауға, шулауға;
2) бір-бірін итеруге, құралдарды лақтыруға және мәселелерді шешу үшін күш көрсетуге.
3) Мектеп дәлізінде, кабинеттерде тамақ жеуге болмайды.
31. Әжетханадағы жүріс-тұрыс ережесі
Оқушылар гигиена талаптары мен тазалықты сақтайды: унитазды ұқыпты қолданады, әжетхана қағаздарын пайдаланады, суды ағызады, қолдарын сабынмен жуады.
Рұқсат етілмейді:
Мекеме мүліктерін және тазалық құралдарын бүлдіруге;
Гигиеналық заттар мен тазалық құралдарын қолдануға;
Басқа оқушылармен әңгімелесу және қарым-қатынас жасау үшін жинауға; арналмаған мүлікті қолдануға.
32. Мектеп асханасындағы жүріс-тұрыс ережесі
1) Оқушылар асханаға тек қоңырау уақытында ғана және тамақтану кестесі кезінде барады.
2) Асханада жүгіруге, секіруге, итеруге, заттарды, тамақты, асхана құралдарын лақтыруға, кезекті бұзуға рұқсат етілмейді.
3) Оқушылар гигиена мен тазалық мөлшерін сақтайды.
- тамақтың алдында және тамақтан кейін қолдарын сабынмен жуады, кептіреді;
- қалған тамақты тарелкаға салады, үстелге қалдырмайды.
- үстелдің үстіне кір ыдысты қалдырмайды.
4) Оқушыларға үстелдің   үстіне оқу сөмкелерін, оқулықтарын, дәптерлері мен оқу құралдарын қоюға болмайды.
5) Оқушылар тамақтану кезінде тамақтану мәдениетін сақтайды;
- күйіп қалмай, абайлап жейді;
- асхана құралдарын жарақат алмайтындай қолданады;
- тамақтанғанннан кейін сүлгіні қолданады;
- сөйлемейді, тамақты мұқият жейді;
- кір ыдыстарды жууға өткізеді;
- асхана қызметкерлеріне асты аларды және ас ішіп болғаннан кейін рахмет айтады. 
6. Мектеп оқушыларын мадақтау
33. Оқушыларды мадақтау мақсатына оқудағы жоғарғы нәтижелері, мектептің қоғамдық өміріндегі, спорттағы белсенділігі, шығармашылық жетістіктері жатады.
34. Мадақтау түрлеріне:
  1. ресми алғыс
  2. ресми емес алғыс
  3. ашық алғыс
  4. жүлде немесе диплом
  5. ашық мадақтау, мысалы, оқушыларды кубокпен, сертификатпен марапаттау.
35.Ашық мадақтау сыныпта, мектеп жиналысы кезінде педагогикалық кеңесте және т.с.с.ұйымдастырылуы мүмкін.
36.Мектеп директоры осы Ережелерде қаралмаған, мадақтаудың басқа да түрлерін құруы мүмкін.
37.Мадақтаудың дара (жеке) және жалпы (ұжымдық), сонымен қатар оқушыларға мадақтаудың бірнеше түрлерін қолдануға рұқсат етіледі.
7.Мектеп оқушыларының жауапкершілігі
38. Тәртіптік қияңқылық машақатына қарай 3 түрге бөлінеді.
  1. күрделі емес;
  2. күрделі
  3. салмақты
39. Күрделі емес қияңқылыққа жатады:
  1. сабақтың өтілуі кезіндегі тәртіп бұзушылық,
  2. сабаққа, жиналысқа, таңертенгі жиынға, жалпымектептік шараларға (тоқсанына үштен жоғары) үнемі кешігу;
  3. мектептен мұғалімнің, мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз шығу;
  4. сабаққа, курстарға, үйірмелерге және секцияларға себепсіз келмей қалу;
  5. мектеп формасына сай келмейтін киімді кию, салдыр-салақтық, ұқыпсыздық;
  6. мектепте бас және сырт киім кию;
  7. себепсіз үй тапсырмасын орындамау;
  8. тамақты немесе сусынды арнайы белгіленген жерден тыс жерде қолдану;
  9. асханада, кітапханада, спорт залда, мультимедиялық кабинетте тәртіп бұзушылық;
  10. мектеп ғимаратында, мектеп алаңында тазалық сақтамау;
  11. сабаққа алаңдататын ұялы телефондарды, электрондық ойындарды және басқа да құрылғыларды қолдану;
  12. академиялық адалдықтың бұзушылығы; көшіріп алу, ресурстың немесе автордың жұмысын жарым-жартылай немесе толықтай көшіріп алу, емтиханда қажетсіз заттарды қолдану;
  13. мектеп компьютерлерін қолдану ережелерін бұзу.
40. Күрделі қияңқылыққа жатады:
  1. күрделі емес қияңқылықты қайталап, тәртіп бұзушылық;
  2. мектеп мүліктеріне және басқа адамдарға қастық ету немесе бүлдіру;
  3. мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік әнұранын білмеу және оның орындалу ережесін сақтамау;
  4. мектептің қоғамдық мүшелері мен мектеп қонақтарының намысы мен арын қорлау;
  5. мектепке рұқсат етілмейтін заттарды әкелу; қару-жарақ, атылғыш заттарды және т.с.с.;
  6. мектептің абыройына зиян келетін материалдарды тарату.
  7. академиялық адалдықты бұзушылық; келісім (жұмысты басқа оқушылар үшін орындау), көшіріп алу (біреудің жұмысы мен презентациясын өзінікіндей етіп көрсету), емтихан материалдарын заңсыз қолдану, басқаның жұмыстарын көшіріп алу, сонымен қатар, егер топтық жұмыс көрсетілмесе, көшіріп алған жұмысты өзінікі етіп көрсету, плагиат, шпаргалка қолдану;
  8. міндетті қоғамдық-пайдалы жұмыстар мен шаралардан (ауланы, сыныпты тазалау және т.с.с) бас тарту
41. Салмақтыға жатады:
  1. күрделі қияңқылықты  қайталап, тәртіп бұзушылық;
  2. тілдік, жыныстық, ұлттық, діни және басқа да белгі бойынша дискриминация;
  3. діни және ұлттық насихаттау;
  4. темекі шегу, ішімдікке немесе есірткіге тәуелді болу, сабаққа мас күйінде немесе есірткі қолданып келу;
  5. қару әкелу;
  6. мектеп мүлігін әдейі бүлдіру;
  7. мектептің қоғамдық мүшелеріне зиян келтіру (шошыту, қорқыту,төбелесу, сотқарлық, басқа біреудің мүлкіне қастық ету);
  8. әдейі ұрлау, біреудің затын рұқсатсыз және өзінікіндей қолдану;
  9. академиялық адалдық бұзушылы; бағаны, хатты түзеу, алдау, емтихан материалдарын заңсыз қолдану және пайдалану 
42. Оқушылардың жіберген қияңқылық тәртібіне шара қолдану тәртіптік әрекеттің маңызы болып табылады.
43. Оқушылардың жүріс-тұрысын дұрыс қалыптастыру мақсатында қолайлы мектеп ортасын құру және тәртіп бұзушылықтың қайталанбауы үшін оқушылардың мінез-құлықтарын жақсартуды қалыптастыру үшін мектеп алдын алу бағытында, кеңестік және педагогикалық шара қолданады.
44. Тәртіптік шара қолдануға мектеп директоры құқылы
45. Тәртіптік шара оқушының тәртіп бұзушылық әрекетіне сай қолданылады.
Тәртіптік шараларға мыналар жатады:
  • ескерту;
  • көпшілік алдында кешірім сұрау міндетін жүктеу;
  • мектепшілік бақылауға алу.
8. Оқушылардың заң өкілдерімен әрекетін ұйымдастыру
46. Директордың, мектеп ұстаздарының оқушылардың заң өкілдерімен өзара әрекетін ұйымдастыру міндеттеріне мыналар жатады:
-ата-аналардың педагогикалық ұстанымын белсенді қалыптастыру;
- ата-аналарды педагогикалық білімдері мен дағдыларымен қаруландыру;
- бала тәрбиесіне ата-ананы белсенді қатыстыру.
47. Директордың, мектеп ұстаздарының оқушылардың заң өкілдерімен өзара әрекетін ұйымдастыру үшін мынаны ұйғарады:
1) өз баласы мен сыныптағы балалардың тәрбиесі үшін оның мүмкіншілігін анықтау мақсатымен отбасын зерттеу;
2) сынып балалары мен баланың тәрбиесінің өнегелі деңгейін қарастырып, мүмкіншіліктері бойынша жанұялық топ құру;
3) олардың біріккен тәрбиелік қызметінің соңғы нәтижелері мен аралық талдауы.
Мектеп директоры мен ұстаздар балалардың мінез-құлықтары жөнінде заң өкілдері хабарлап отыруға міндетті және жиіркенішті қылықтардың алдын алу және түзету мақсатында оқушылардың теріс қылықтарына бірігіп шара қолдану керек.
Заң өкілдерінің оқушылармен әңгіме жүргізуі оқушылардың қатысуымен мектеп өкілдерімен өткізіледі.
9. Мектеп оқушыларына заң өкілдерінің құқығы мен міндеттері
48. Заң өкілдері құқылы:
1) мектептің өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға;
2) өз балаларының оқу жағдайы мен жүріс-тұрысына, үлгеріміне қатысты мәліметтерді алуға;
3) баласының құқығы мен қызығушылығына;
4) өз баласын басқа мектепке ауыстыруға;
5) келісім негізінде оқушыларға қосымша білім беру.
49. Заң өкілдері міндетті:
1) мектеп бекіткен Жарғы мен талапты орындау және осы Ережені сақтау;
2) балалардың тәрбиесі мен оқуына мектепке жәрдем беру;
3) балаларды жаман әдеттерден сақтай отырып, олардың денсаулықтары мен қауіпсіздігіне қамқорлық көрсету;
4) балалардың өмірі мен оқулары үшін денсаулықтары мен қауіпсіздігіне жағдай жасау, физикалық мүмкіншілігі мен олардың жеке дамуын қамтамасыз ету;
5) оқу аптасындағы балалардың әр күндегі оқу жүктемесі мен сабақ кестесін білу;
6) сабақтың басталуына 10 минут қалғанда баланың мектепке келуін қамтамасыз ету;
7) оқушылардың сабаққа қатысы жоқ заттарды әкелмеуін қадағалау;
8) сабақтың үстінде ұялы телефонмен сөйлесіп, мазасын алмау;
9) сабақтан себепті қалған жағдайда, растайтын құжаттарын көрсетіп (дене шынықтыру сабағымен қоса), баланың сабақтан қалмауын қадағалау;
10) ата-аналар жиналысына қатысу және әр бейсенбі сайын үлгерім табеліне қодарын қою;
11) мұғалімдерімен байланыс жасау, апта сайын баласының күнделігін тексеру және қолын қою;
12) мұғалімдермен және сынып жетекшісімен тек сабақтан тыс уақытта және келісілген уақытта кездесу;
13) балаларды алдын ала емдеу екпесінен бас тартса, мектеп дәрігерінің кабинетіне келіп, құжаттарын көрсетуі керек немесе мектеп директорының атына екпеден бас тартқаны жайлы жазбаша жазу;
14) ата-аналар комитетін сайлау;
15) мектеп жұмысының жақсарғаны жайлы сөз сөйлеу;
16) мектептің дәстүрін және беделін қорғау;
17) ұстаздар мен мектептің басқа да қызметкерлерінің ары мен абыройын құрметтеу;
18) балаларының мектептің мүлкіне келтірген зиянын қалпына келтіру (бүлдірген мүлікті және құралды);
19) мектеп маңында жол ережесін сақтау, мектеп ауласының кіре берісіне машина қойып, бақытсыз жағдайдың болмауына жол бермеу.
10. Талас сұрақтарды шешу
50. Оқушылар мектеп әкімшіліктеріне заңды өкілдер арқылы немесе өздері назар аударады:
1) оқу үрдісін жетілдіру бойынша, сабақ беру сапасымен, кітапхана, асхана, медициналық қызмет көрсетуді пайдалану тәртібі бойынша, оқушылардың қауіпсіздігін қалыптастыру және балаларды қызықтыратын басқа да сауалдар бойынша;
2) оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің шағымдарымен:
Шағымдар түскен жағдайда талас сұрақтар немесе наразылықтар бойынша нақты деректер көрсетілген жағдайда оқушының не заңды өкілінің арызы қарастырылады.
51. Мектеп әкімшілігімен аты-жөні жазылмаған хаттар қарастырылмайды.
52. Мектеп басшысы бекітілген кесте бойынша оқушыларды және олардың заңды өкілдерін аптасына екі рет қабылдайды.
                                                                                       
11. Ереженің қорытындысы
53. Мектеп қоғамдастығының барлық мүшелері-әкімшілік, педагог қызметкерлер, оқушылар, заңды өкілдер мен мектептің басқа жұмысшылары осы Ережені орындауға міндетті.
54. Осы ережелермен барлығы танысу үшін мектептің көрінетін жеріне ілу керек.
55. Осы ережелердегі реттелмеген сұрақтар, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен бекітілген мектептің нормативтік актісіне сай шешіледі.