21
январь
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу
21.01.2025 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кумарова А.М. және мектеп психологы Нұрмұханбетова Б.Қ сынып жетекшілер бірлестігіне мектептің тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жиналыс өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсаты бойынша құжаттар қарастырылды және мектептің ішкі тәртібі, оқушылардың сабақты босатуы,кешігуі секілді мәселелер қозғалды. Сынып жетекшілерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
