5-11 сыныптар аралығында жаңа жыл мерекесі атап өтілді
Желтоқсан айының 25-26 жұлдызында мектебімізде 5-11 сыныптар аралығында жаңа жыл мерекесі атап өтілді. Бұл шара оқушылардың белсенді қатысуымен қызықты және есте қаларлықтай өтті. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, шығармашылық қойылымдар ұсынды. Жаңа жылдық шыршаны сәндеу, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын ойындар мен конкурстар ұйымдастырылды.