28
апрель
2025
,,Әке time,, шеберлік сыныбы
Ағылшын тілі, орыс тілі әдістеме бірлестігінің мұғалімдері әкелер арналған форум аясында ,,Әке time,, шеберлік сыныбын өткізді. Мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын, Әкелер институтын нығайту, олардың отбасындағы рөлін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; жастар мен жасөспірімдерді отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шеберлік сынып барысында оқушылар Қабдеш Жұмаділовтің «Жеті ата» әңгімесінің желісі бойынша көрініс көрсетіп, әкелер “Жеті атасын білген ұл - жеті жұрттың қамын жер”, “Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды”, “Әкенің жанында өткен бір сағат - бір жылдық тәлімге тең” тақырыптарында ой бөлісті, сонымен қатар тәжірибелік бөлімде ұлттық ойындардан үзінді көрсетті.
https://www.instagram.com/p/DJBnRXYMiEC/
https://www.instagram.com/p/DJBnRXYMiEC/