28
январь
2023
"Ата - ана отбасының негізгі діңгегі" атты ата- аналарға арналған шағын семинар - тренинг
Мектебіміздің сынып аралық жиналысы барысында 28.01.23 күні 3"з" мен 4"з" Арнайы түзету-дамыту сыныптары арасында "Ата - ана отбасының негізгі діңгегі" атты ата- аналарға арналған шағын семинар - тренинг өткізілді. Семинар-тренингке мектеп директоры Акимбаева Д.Ж, түзету-дамыту сыныптарының оқу ісінің меңгерушісі Акашева А.О және тәрбие ісінің меңгерушісі Кожекенова А.Б қатысып, ата-аналармен ұжымдық байланыс орнатты.Арнайы мамандармен бірігіп өткізілген бұл семинардың мақсаты, ата-аналар мен ұстаздар,мамандар арасындағы байланысты нығайту, үздік үштік қалыптастыру арқылы балаға оқушыға ортақ тәрбие мен білім беруді қалыптастыру. Сондай-ақ,бала тәрбиелеу барысында отбасындағы ата-ананың рөлі ең маңызды екенін дәлелдеу болды. Сонымен қатар мектебіміздің дефектологтары Жетібаева М.М ата-аналардың көңіл- күй ауһалын қплыптастыру,таныстыру, ата-ананың балаға деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсетін ойындар мен қызықты әдістер ұйымдастырса, ал Отеуова Л.Б ата-ана отбасының негізгі діңгегі жайлы өз пікірімен бөлісті,сондай-ақ, тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы екендігін дәріптеді. Толемисова Б.М. семинар барысында баламен күнделікті өтетін оқу, жазу процесін дамытатын, зейіндерін шоғырландыратын нейро жаттығуларды ата-аналармен біріге жасап көрсетті.Ата-аналарға нейро жаттығуларды үй жағдайында балаларымен бірге жасауға кеңесін айтты. Семинар-тренинг барысында ата-аналар мектеп ұжымына,сынып жетекшілеріне, арнайы мамандарға алғысын айтып, тамаша көңіл-күй сыйлаған ұжымға ризашылықтарын білдірді.
