«Телефон және интернет алаяқтығын алдын алу», «Кибербуллинг», «Цифрлык гигиена» өзекті тақырыптар бойынша кездесу өткізілді » КГУ « Средняя общеобразовательная школа № 4»
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №4
ГУ "Отдел образования города Семей
Абайская область"
Приемная :
+7(7222) 52-03-81
Бухгалтерия:
+7(7222) 52-03-81
Версия для
слабовидящих
Абай облысы Семей қаласының "№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа № 4" города Семей Абайской области!
» » » «Телефон және интернет алаяқтығын алдын алу», «Кибербуллинг», «Цифрлык гигиена» өзекті тақырыптар бойынша кездесу өткізілді
08
февраль
2024

«Телефон және интернет алаяқтығын алдын алу», «Кибербуллинг», «Цифрлык гигиена» өзекті тақырыптар бойынша кездесу өткізілді

2024 жылдың 8 ақпан күні орта буын оқушыларына «Телефон және интернет алаяқтығын алдын алу», «Кибербуллинг», «Цифрлык гигиена» өзекті тақырыптар бойынша кездесу өткізілді. Мақсаты: Ғаламтор желісіне байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Ғаламтор алаяқтарынан сақтану жайлы мәліметпен таныстырылды. «Буллинг» сөзінің мағынасын түсіндіру. Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермей туралы ақпарат жеткізу. Оқушыларға ғаламторда өнегелі мінез – құлықты ұстана білуді түсіндіру. Кездесу барысында Семей қаласының № 1 емханасының Жастар денсаулық орталығынан келген психологтар Сағындыкова Қ.А, Абдулганиева И.М медициналық тұрғыдан телефонның адам денсаулығына зияны туралы, адамда пайда болатын әртүрлі аурулар жайлы ақпарат берді. Директордың тәрбие ісі – жөніндегі меңгерушісі  Кумарова А.М., мектептің педагог – психологтары Нұрмұханбетова Б.Қ., Сағынтаева З.Е. оқушылармен сұрақ – жауап айдарын жүргізді, оқушылар «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» буклет қорғады, психологтар сергіту сәтін өткізді.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы 
#бірболlike
#апқо_абай_облысы_семей @semey_bilim_bolimi

Похожие публикации: