11
апрель
2025
“Интернет-алаяқтық. Граффити – тоқта!”


“Интернет-алаяқтық. Граффити – тоқта!” тақырыбында
«№4 ЖОББМ» КММ ұстаздарымен өткізілген түсіндірме жұмыстары.
«№4 ЖОББМ» КММ ұстаздары мен мектеп қызметкерлерімен интернеттегі алаяқтық және киберқылмыс тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында алаяқтықтың түрлері, олардың алдын алу шаралары және жоғарыда аталған құқықбұзушылықтардан қорғану жолдары түсіндірілді.
Аталған түсіндіру жұмысы Абай облысы ПД, Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының полиция капитаны: Индира Қайратқызы және Әуезов атындағы полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны: Сұлтанбекова Н.А тарапынан “Интернет-алаяқтық. Граффити – тоқта!” тақырыбында өткізілді.
ДТІЖО: А.Б.Кожекенова, А.М.Кумарова және әлеуметтік педагог Е.Ж. Мырзаханова ұстаздарға қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DIQqLo4Mva9/?img_index=2