16
март
2024
«Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі» апталығы аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасын насихаттау
Бүгін «Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі» апталығы аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасын насихаттау мақсатында мектеп кітапханасында 6- сынып оқушыларымен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасы бойынша әдеби-танымдық сабақ өткізілді.
Оқушыларға Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, «Жусан иісі» шығармасы арқылы көркем әдебиеттің құндылығы дәріптелді. Шығарманы оқу арқылы сөйлеу мәдениеті мен көркемсөздің құдіретін түсінуге негізделді. Кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шарада оқушылар жазушы шығармаларын еркін меңгеріп, «Жусан иісі» повесі туралы өз ойларын ортаға салды.
Көркем сөздің шебері, жазушы Сайын Мұратбековтың шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханада болған бір сәт оқушыларға рухани азық сыйлады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Болсымбаева М.М
Кітапханашы: Нурпейісова А.М
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы