27
ноябрь
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша мектебімізде зерделеу өтті.
Абай облыстық Білім басқармасының Инновациялық-Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі #194 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында жаңартылған "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша мектебімізде зерделеу өтті.Мектебіміздің басшысы А.Ж.Кузенбаева "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын зерделеуге келген Облыстық инновациялық -әдістемелік орталықтың тәрбие бөлімінің басшысы А.Ә.Абдухамитов пен әдіскер А.А.Матабаеваға, Облыстық Ата-аналар Қауымдастығының төрағасы, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Даналық мектебі" жұмысының кординаторы Л.Б.Өтеуованы мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып , сондай-ақ, мектебіміздегі "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ашылғанын, орталықтағы "Даналық мектебінің" жұмысы жобалар арқылы жүзеге асып жатқандығын,АПҚО ата-аналар мен мектеп арасында "алтын көпірдің "орнауына себепші болғандығын айтып өтті.Директордың тәрбие ісінің орынбасарлары А.Б.Кожекенова мен А.М.Кумарова "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жүзеге асырылуымен қатар "Даналық мектебінің" жұмысы және Ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығының жұмысын көрсетіп, басы бүтін ұжымның "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыруға қосып жатқан үлесін де атап өтті."Даналық мектебінің" жетекшісі М.Т.Абдикаримовтың ұйымдастыруымен акт залында мектеп оқушыларына "Әжелер мектебінің" жұмысы дәріптелді.
Зерделеу барысында мектебіміздің түзете -дамыту сыныптарынының мамандары мен ұстаздары да "Біртұтас тәрбие"бағдарламасын ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен бірге іске асырып жатқандығын көрсетті.
Зерделеу мамандары мектептегі Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ашылуы мен Даналық мектебінің жұмысы жоғары деңгейде екендігіне, Біртұтас тәрбие бағдарламасының мектепте жоғары деңгейде жүзеге асуына мұрындық болған мектеп басшысы мен ұжымның еңбегіне оң бағаларын берді.
Ұлт болашағы-кемел ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бірегей ұжымның берекесі мен бірлігі арта беруіне тілектеспіз!
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_абай
#АПҚО_Абай_Обылысы_Семей
#тоғыз_айға_9_ісшара
#төрт_тоқсан_төрт_өнер
#өзинозибасқаруұйымы
#тәрбие2024
#адалеңбек