17
октябрь
2024
Ұлттық құндылық негізіндегі тәрбие үрдісін заманауи тұрғыда «Даналық мектебінің жұмысын үйлестіру».
17 қазан 2024 жылы Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жалпы білім беретін мектептерге арналған қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әр мектептен бір ата-ана қатысты. Тақырыбы: Ұлттық құндылық негізіндегі тәрбие үрдісін заманауи тұрғыда «Даналық мектебінің жұмысын үйлестіру». Мақсаты: Балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі бойынша мектеп ата-аналарымен қарым –қатынасты күшейту, берекелі отбасы мәдениетін дамыту қағидасын жолға қою. Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Булабаев Б.З., қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмысы секторының орынбасары Файнуллаева Р.В. және "№4 ЖОББМ" КММ директоры Кузенбаева А.Ж. семинарды ашып, Семей қаласы бойынша "Даналық мектебі" жұмысына тоқталды. Семинар барысында ата-аналар сыныбының ашылуы, "Мейірімді таза болса тәрбиесі, баланың еркін өсер тәртібі -есі", "Отбасы -бақыт бесігі", "Толық адам ілімі негізінде бала тәрбиесіндегі ата-аналармен бірлескен жұмыс" тақырыптары негізінде ата-аналар мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен мектеп мұғалімдері шеберлік сағаттарын және іс-тәжірибе алмасу өткізді. "Инновациялық даму мен дәстүрлі қолөнерді жаңғырту" көрмесі көрсетілді. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей #біртұтас_тәрбие_абай_облысы #апқо_абай_облысы_семей #апқо_абай_облысы