ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР! » КГУ « Средняя общеобразовательная школа № 4»
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №4
ГУ "Отдел образования города Семей
Абайская область"
Приемная :
+7(7222) 52-03-81
Бухгалтерия:
+7(7222) 52-03-81
Версия для
слабовидящих
Абай облысы Семей қаласының "№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа № 4" города Семей Абайской области!
» » » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР!
15
май
2025

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР!

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің №4 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ
2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау, сондай-ақ басқа да мектепішілік іс-шараларға қатысты төмендегі талаптар мен ережелерді назарларыңызға ұсынамыз.
✅Бітіруші 4 және 9 сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктері үшін қаржы жинау;
✅Аниматорларды, шығармашылық студиялар мен ұйымдастыру агенттіктерін шақыру;
✅Мектеп басшылығына және мұғалімдерге қандай да бір тарту-таралғы беру;
✅Бұл шектеулер – жемқорлықтың алдын алу, ұстаздық әдептілік пен әділдікті сақтау мақсатында қойылған.
✅Білім алушылардан мектеп ішіндегі жөндеу жұмыстарына қажетті тұрмыстық-шаруашылық заттарды алу үшін қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
✅Оқушыларға “Соңғы қоңырау” іс-шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуы кешенді қауіпсіздік талаптарына сай болатыны ескертіледі.
✅Ұстаздық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлық түрін алуға қатаң тыйым салынады.
✅Оқушылардың автокөлікпен шеруге шығуы, ойын-сауық алаңдарына, мейрамханалар мен демалыс саябақтарына баруы шектелетінін ескертеміз.
✅Қорытынды бағалау кезеңінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаржы жинап, мерекелік дастархан жайылуына қатаң түрде рұқсат етілмейді.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА ! ! !
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып,оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз.Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы - МІНДЕТ!
Егер сізді қандайда бір сұрақ мазаласа кез келген уақытта сұрағыңызды тыңдап,жауап беруге дайынбыз!

Құрметпен, №4 жалпы білім беретін мектептің директоры Кузенбаева Айнур Жакуповна
https://www.instagram.com/p/DIyVnn_suVk/?igsh=NGZxbDdhMnQ0M2sz​​​