15
ноябрь
2024
"Тең қоғам- тең тұлға " жобасы аясында семинар-тренинг өткізілді.


Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№4 ЖОББМ"КММ ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың ата -аналарына арналған "Тең қоғам- тең тұлға " жобасы аясында семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты: Мектептің ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу арқылы тең қоғамға қосу, әлеуметтендіру.
Іс-шараның алғы сөзін мектеп директоры Кузенбаева А.Ж. мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде "Тең қоғам-тең тұлға" жобасы жасақталып, жобаны ата-аналарға таныстырып өтті. Сондай-ақ,мектеппен тығыз байланыс орнатқан ата-аналарды марапаттап,өз атынан ата- аналарға алғысын білдірді.
Іс-шара барысында "#4 ЖОББМ " КММ мен Абай облыстық ПМПК ұжымы арасында жасалған меморандум тарихи сәтке куә болдық. Болашақта екі тарап ЕББҚ ететін білім алушыларды қолдау мақсатында ынтымақтаса жұмыс атқаруға меморандумға қол қойды.
Директордың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Акашева А.О "Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды тең қоғамға қосу және тәрбиелеу, әлеуметтендіру жұмыстарына сараптама жұмыстарымен таныстырып, мектепте ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қолдау жолында оқушылар мұғалімдер мен мамандардың жетістіктерін де тілге тиек етіп,ерекше балаларға мектеп тарапынан жағдай жасалынғаны жайлы атап өтті.
Ары қарай семинар тренинг барысында мектеп ұстаздары мен түзете -дамыту сыныптарынының мамандары үш алаңда ата-аналармен жұмыс көрсетті.
Яғни,"Тең қоғам-тең тұлға" жобасының мақсатына сай үш топ ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтендірудің заманауи әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Үш топтың жұмыс барысында ата-аналар мектеп ұстаздарының білім мен тәрбие,әлеуметтендіру барысында заманауи әдіс-тәсілдеріне ерекше құлшыныспен тамашалады десек болады.
"Әр бала жарық жұлдыз!"